Вход в личный кабинет

Тендер - Приобретение художественной литературы №253117501

Описание тендера: Приобретение художественной литературы (с результатом)
Сумма контракта: 2 451 400,00 KZT Получить финансовую помощь
Начало показа: 12.09.2023
Окончание: 19.09.2023 10:40:00
Тендер №: 253117501
Тип: Запрос предложений Тендерная аналитика
Отрасль: Издательство, полиграфия / Книги, журналы, брошюры
Регион: Казахстан / Северо-Казахстанская область
Регион поставки: Казахстан / Северо-Казахстанская область
Источник: ▒▒▒▒▒▒▒▒▒▒▒▒▒▒▒

Зарегистрируйтесь и получите полную информацию о Заказчике, аналитику по снижению им цены и основным поставщикам.

Лот 1

Предмет контракта: Книга Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі — қазақ прозасының классикасына айналған туынды. Повесть кішкентай Қожаның оқушы кезінде бастан кешкен әртүрлі қызықты оқиғалары жайында. Ержеткенде жазушы болуды армандайтын бала Қожа қанша бұзықтық жасаса да, жақсы адам болуға талпынып, іс-әрекетін ақтап алуға тырысады. Шығармада Қожаның тәртібі мен мінезінің түзелуіне ықпал еткен оқиғалар мен бала махаббаты Жанардың бейнесі кеңінен ашылған.
Цена контракта: 40 800,00 KZT Количество: 12 Штука

Лот 2

Предмет контракта: Книга Жинаққа Абай атындағы мемлекеттік сыйльқтың лауреаты, жазушы, драматург Роза Мұқанованың әдеби қауым мен көпшілік көрермен жоғары бағалаган драмалық шыңармалары еніп отыр. «Мәігілік бала бейне» - күлліі қазақ жұртының ауыр қайғысы мен мұңын жамылған шығарма. Туындыда ядролық сынақтардың зардабынан мүгедек болып, жетілмей қалган Ләйлә қыздың өмірі сипатталады. Оньң туған жері Қарауылдың ащы болмысы мен әлеуметтік жай-күйі бейнеленеді.
Цена контракта: 43 200,00 KZT Количество: 12 Штука

Лот 3

Предмет контракта: Книга "Қолыңыздағы жинаққа көрнекті жазушы, драматург Роза Мұқанованың соңғы жылдары жазылған әңгiмелерi мен «Мәңгiлiк бала бейне» деген атпен сахналанған драмалық хикаяты енгiзiлдi. Адам жанының тереңіне үңілген шығармалар оқырман назарын өзіне бірден аударады. Кiтап көпшiлiк оқырманға арналған."
Цена контракта: 51 000,00 KZT Количество: 12 Штука

Лот 4

Предмет контракта: Книга Кітапта Джек Лондонның әр жылдары қазақ тіліне аударылған әңгімелері топтастырылған. Оның қиындыққа қасқая қарсы тұратын, ержүрек, әділдікті ту еткен кейіпкерлері оқырманның жанына жақын. Себебі жазушы олардың мінез-құлқын кеңінен ашып, жабайы табиғаттың адамзат өміріндегі орнын шебер суреттейді. Шығармалардың тілі жеңіл, оңай оқылады. Әңгімелерден әрбір оқырман жанына керегін тауып, рухани азық алады.
Цена контракта: 50 400,00 KZT Количество: 12 Штука

Лот 5

Предмет контракта: Книга Қазақ халқының қаһармандық жырларының бірі — «Қобыланды батыр» жыры. Аталған жыр көлемі жағынан да, мазмұны жағынан да қазақ фольклорында ауқымды орын алады. Эпостағы қаһармандардың бойына адалдық, батылдық, әділдік секілді асыл қасиеттер жинақталып берілген. «Қобыланды батыр» жыры жас ұрпақтың алыс-жақынға деген көзқарасын қалыптастырып, туған жерге деген ыстық сүйіспеншілігін оятуға көмектеседі.
Цена контракта: 39 600,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 6

Предмет контракта: Книга 1900 жылы жарық көрген «Сүйкімді қыз бен сиқыршы шал» – балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі, авторы Лаймен Фрэнк Баум. Шығармада құйын көтеріп алып кетіп, басқа әлемге тап болған Дороти атты қыздың басынан өткен таңғажайып хикаялары баяндалады. Ертегі қарапайым, тілі жеңіл. Оқырманға беретін тәрбиелік мәні зор. Мектеп жасындағы балаларға арналған.
Цена контракта: 37 400,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 7

Предмет контракта: Книга «Жоғалған әлем» – көрнекті ағылшын жазушысы Артур Конан Дойлдың ғылыми фантастикалық шығармасы. 1912 жылы жарық көрген бұл роман жазушының профессор Челленджер туралы шығармалар циклінің алғашқы кітабы болып табылады. Романда Оңтүстік Америкаға сапарлаған британ экспедициясы туралы әңгімеленеді. Амазонка бассейнінде орналасқан адам аяғы жетпейтін биік жартасты үстіртті зерттеуге аттанған профессор Челленджер мен оның серіктері (профессор Саммерли, лорд Джон Рокстон мен газет тілшісі Мэлоун) динозаврлар, адам тектес маймылдар мен жабайы адамдар сақталған «жоғалған әлемге» тап болады. Оқиға лондондық газет тілшісі Мэлоуннің атынан баяндалады. Кезінде миллиондаған оқырманның қызығушылығын тудырып, оң бағасын алған бұл шығарма ғылыми фантастиканың үздік үлгісі саналады. Ширыққан сюжеті, жарқын кейіпкерлері мен жеңіл әзіл-оспақты тілін шығарманың ерекше табысы деуге болады. Әлемнің көптеген тіліне аударылған бұл роман қазақ оқырманына алғаш рет ұсынылып отыр.
Цена контракта: 44 000,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 8

Предмет контракта: Книга «Теміржол бойындағы балалар» романы – балалар жазушысы Эдит Несбиттің 1905 жылы The London Magazine журналында алғаш рет ағылшын тілінде жарық көрген шығармасы. Бұл еңбек 1906 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Кітапта Роберта, Питер және Филлистің әкелері тыңшылық жасады деген жалған айыппен түрмеге қамалған соң, олардың Лондондағы сән-салтанаты келіскен үйлерінен шағын елді мекендегі үйге көшіп баруға мәжбүр болғаны, онда бастан өткізген қызықты оқиғалары баяндалады. Шығарма кез келген жағдайда үміт үзбей, әрқашан жақсылық жасап, адамдарға көмектесу қажеттігіне үндейді. Кітаптың мазмұны жас оқырмандарды қызықтырып қана қоймай, адамгершілік қасиеттерге баулиды. Балалар әдебиетінің інжу-маржаны саналатын «Теміржол бойындағы балалар» романының желісі негізінде бірнеше фильм түсірілген. Туынды қазақ оқырмандарына тұңғыш рет ұсынылып отыр.
Цена контракта: 39 600,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 9

Предмет контракта: Книга Әлем балаларының сүйікті кітабына айналған бұл туындыда аңғарымпаз, елгезек, аңғал, кез келген ертегіге сенуге әзір Алиса жұмбақтар мен ойындардың таңғажайып әлеміне сапар шегеді. Әлгі әлемде математика мен физиканың заңдары жүрмейді, ережелер мен принциптер еш логикасыз жазылады, бірақ сонда да мұндағы өмір көңілді: бәліш пен саңырауқұлақты тістеп, бойың зәулім бұлтқа жетуі де, құтыдағы шырынды ішіп, тышқаннан бетер титімдей қалыпқа түсуің де мүмкін. Айтпақшы, мұнда өзі жоғалса да күлкісі жоғалмайтын Чешир мысығы, үнемі әлдебір жаққа асығып, қалта сағатына қарағыштап жүретін Наурыз қоян, шай ішуден аузы да, қолы да босамайтын Қалпақпай секілді ерекше тұрғындар өмір сүреді. Олармен әңгімелескен сайын Алисаның да пайымы толысып, көкжиегі кеңейе түседі. Түпнұсқа кітаптағы ағылшын тілінің ерекшелігіне негізделіп жазылған тұстар қазақтілді оқырмандарға бейімделіп аударылды.
Цена контракта: 36 300,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 10

Предмет контракта: Книга «Ағайынды Гриммдер ертегісі» – неміс қаламгерлері Якоб пен Вильгельм Гриммдердің әдеби өңделген еңбегі. Бұл жинақ алғаш рет 1812 жылы «Балалар мен жанұялық ертегілер» деген атпен жарық көрген. Содан бері бұл туынды әлемдік деңгейде кең таралған және көптеген елдің тіліне аударылған болатын. Аталған жинақтың белгілі бір бөлігін қазақ тіліне аударып, оқырманға ұсынып отырмыз. Ертегілердің тілі барынша қарапайым, мазмұны мағыналы. Оқуға ыңғайлы, қабылдауға жеңіл және мейлінше тағылымды.
Цена контракта: 38 500,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 11

Предмет контракта: Книга «Питер Пән» — шотланд драматургі Джеймс Мэтью Барридің шығармасы, әлемдік балалар әдебиетінің ең үздік туындыларының бірі. Бұл есейгісі келмейтін, үнемі балаң шақта уайым-қайғысыз жүретін және ұшатын тентек бала туралы таңғажайып ертегі. Ертегі болуына қарамастан, шығармада қолда барды қадірлеу, жақындарыңның сүйіспеншілігін бағалай білу, оларға мейірім мен қамқорлық көрсету тәрізді ересектерге тән маңызды мәселелер көрініс береді. Осы өте мейірімді ертегі кейде мұңды ойларға батырып, терең ойлануға жетелейді.
Цена контракта: 40 700,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 12

Предмет контракта: Книга Керқұла атты Кендебай — халықтың қиялынан туған кейіпкер. Бірақ біз оны бойында ізгі қасиет атаулы жинақталған нағыз қаһарманның типтік образы деп танимыз. Ол — аманатқа қиянат жасамайтын, елдің жоғын түгендейтін, хан алдында ойын ашық айта алатын, білек күші мен білім күші қатар дарыған біртуар батыр. Әр бала ертегідегі Кендебай сияқты ержүрек болуды армандайды. Қиялында өзін Кендебаймен салыстырып, оған еліктейді. Оның ізгі қасиеттерін өз бойынан іздейді. Күллі адамзатқа тән ортақ құндылықтарды дәріптейтін ертегілердің ұрпаққа берер пайдасы мол.
Цена контракта: 9 900,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 13

Предмет контракта: Книга Мағыналы мазмұнына көркемдігі сай, оқиғасы шытырман, ерлік істерге толы «Мұңлық-Зарлық» — халқымыздың әдемі эпосы. Дастанның бас кейіпкері — Зарлық. Оған пірлері бала күнінде жүз ердің күшін сыйлап, садақ тартуды үйреткен. Ол аң аулап өзін, қарындасын асырайды; қарындасы екеуі айдалада тау-тасты мекендейді. Бұл шығармада дию, мыстан кемпір, жезтырнақ сияқты қиялдан туған кейіпкерлер де бар. Баланың қиялын байытып, ерлікке шақыратын, жүрегіне мейірім сыйлап, адалдыққа баулитын қиял-ғажайып эпос — ғасырмен бірге құнын жоймай жасап келе жатқан туындылардың бірі.
Цена контракта: 18 000,00 KZT Количество: 12 Штука

Лот 14

Предмет контракта: Книга Жан-жануарлардың, адамдардың – жер-дүниедегі барша тіршілік иелерінің ғұмыр хикаясы әртүрлі болады. Бірі өмір сүруге талпынады, ал екіншісі, керісінше, өмірден түңіліп жүреді. Бұл ертегіде аң-құстардың, жан-жануарлардың адамдардан айырмашылығы неде екені қызықты оқиға арқылы баяндалады.
Цена контракта: 18 000,00 KZT Количество: 12 Штука

Лот 15

Предмет контракта: Книга Абайдың қара сөздері (ғақлия) — ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін прозалық шығармасы. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды.
Цена контракта: 38 500,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 16

Предмет контракта: Книга Сұлтанмахмұт Торайғыров — XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси және тарихи-әлеуметтік оқиғаларға, қазақ жеріндегі өзгерістерге өзінің азаматтық үнін қосқан қазақ ақындарының бірі. Бұл жинаққа оның жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған, өз еліне пайдалы азамат болуға үндейтін үлгі-өнегесі мол өлеңдері топтастырылған.
Цена контракта: 40 700,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 17

Предмет контракта: Книга Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері әркімді болсын баурап алады. Бұл тек қана қазақ халқының маңдайына біткен дара тұлға — Абайға ғана тән қасиет. Абайдың өлеңдері терең ойлылығымен, философиялық көзқарасымен ерекшеленеді.
Цена контракта: 35 200,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 18

Предмет контракта: Книга «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ойшыл ғалым Әбу Насыр әл-Фараби өзіне дейінгі грек философтарының идеал мемлекет туралы идеяларын дамыта отырып, өзіндік тұжырым-қорытындыларын ұсынады. Ғалым қайырымды (ізгі) қала тұрғындары қандай болуы керек, оның жағымды-жағымсыз, дарынды-дарынсыз басшысына тән сипат-белгілер қандай т.б. мәселелер жайлы жан-жақты талдау жасайды.
Цена контракта: 39 600,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 19

Предмет контракта: Книга «Жусан иісі» повесі — халықтың соғыстан кейінгі тұрмысы мен қазақ ауылының, замандастарының тыныс-тіршілігін шынайы сомдаған туынды. Шығарма Аян атты жасөспірім баланың өмірінің белгілі бір кезеңінде болған оқиғаларды баяндайды. Әкесі соғыста, анасы жоқ, жалғыз әжесі қайтыс болып, соғыстан ағасын күткені туралы жазылған бұл повесть әр оқырманның жүрегінен орын таба білген. Жазушы Аянның ішкі болмысынан, тайған тобығының азабынан да ауыр жан жарасын таратып баяндайды.
Цена контракта: 37 400,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 20

Предмет контракта: Книга Әдебиетіміздің тарихында өшпес із қалдырған жазушы Оралхан Бөкей тұтас ұрпақты сұлулыққа, адамдыққа, жақсылыққа іңкәр етіп тәрбиелегенді. Ізгілікке құштар қуатты қаламынан туған мәңгі өшпес шығармалары қалың оқырман қауымның айырылмас жансерігіне айналып, бағыт-бағдаршысы болып кетті. Ғұмыры ерте үзілген аса талантты жазушының бұл кітабына қазақ әдебиетінің тарихынан ойып орын алатын бірегей әңгімелері топтастырылып беріліп отыр.
Цена контракта: 39 600,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 21

Предмет контракта: Книга Жазушы шығармаларының оқиғалары негізінен барлық адамның аяғы бірдей жете бермейтін, өркениетті ортадан алыс, табиғаты ерек, жаратылысы бөлек, өзгеше бір өңірлерде өтеді. Осы өзгеше өңірлерге тап болған адамдардың ішкі-сыртқы бітім-болмысы да бөлек. Джек Лондон әлем әдебиетінде асқақ рух пен рухы мықты адамдардың жыршысы деп бағалануы тегін емес.
Цена контракта: 41 800,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 22

Предмет контракта: Книга Бұл жинақта қиял-ғажайып, тұрмыстық, күлдіргі, хикаялық деп аталатын отыз бір ертегі бар. Басым көбі қазақ тіліне алғаш аударылған тың дүниелер. Ертегілер Британ аралдарында өмір сүретін ирланд, шотланд, валий, ағылшын халықтарының ежелгі салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, наным-сенімі туралы мол ақпарат береді. Баланы адамгершілікке тәрбиелейді; жақсы мен жаманды, әділетсіздік пен адалдықты ажырата білуге баулиды.
Цена контракта: 44 000,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 23

Предмет контракта: Книга «Қыз Жібек» жыры — қазақ фольклорының алтын қорынан орын алатын ерекше құнды көркем үлгінің бірі. «Қыз Жібек» жырының 16 нұсқасы бар. Біз оқырманға ғылыми көпшілікке танымал Жүсіпбек Шайхысламұлының нұсқасын ұсынып отырмыз. Сюжет желісі қазақ арасында ертегі, аңыз және көлемді жыр үлгісінде айтылып келген, сүйгенінен айырылса да, ішкі жаудың зорлығына көнбеген асыл жардың трагедиясын баяндайды.
Цена контракта: 43 200,00 KZT Количество: 12 Штука

Лот 24

Предмет контракта: Книга Жамбыл Жабаевтың бұл жинағында осы кезге дейін жазылған бірнеше өлеңі топтастырылған. Тарихтың ызғарлы уақыттарының кезеңінде өз халқына үміт беріп, ерлік пен елдікке шақырған өлеңдері қазіргі кезде де жоғары бағалануда. Келер ұрпақтың болашағының жарқын болуына ықпалдасып, өзінің өнегесі мен тәрбиесін өлеңдері арқылы жеткізген. Ұлы Отан соғысы кезінде Жамбыл өлеңдері майдан даласын шарлап, жауынгерлерді ерлікке, ел қорғауға шақырды.
Цена контракта: 46 800,00 KZT Количество: 12 Штука

Лот 25

Предмет контракта: Книга Мағжан Жұмабаев — жай ғана ақын емес, ұлт болашағы үшін күрескен Алаш қайраткері. Рухты жырларымен халықты жігерлендіріп, елді татулыққа шақырды. Қазақтың ғана басын қоспай, бүкіл түркі халықтарының бірлігі идеясын ұстанған. Қиын — қыстау кезеңде халқын махаббат тақырыбындағы өлеңдерімен елжіретіп, жүректегі жарқын болашаққа деген үміттің отын сөндірмей ұстады.
Цена контракта: 42 000,00 KZT Количество: 12 Штука

Лот 26

Предмет контракта: Книга Оқырман қауымға кеңінен танымал партизан жазушы Қасым Қайсеновтың шығармашылығының басты өзегі — халықтар достығы. Ұлы Отан соғысында совет халықтары мызғымас достықтың нәтижесінде фашист жендеттерін жеңіп шығып, бас игізді деген ой Қайсенов шығармаларының әр жолынан байқалып тұрады. Автор бұл жинағында қарапайым совет адамдарының ерлік істерін нанымды да әсерлі баяндап, сол кезеңнің шындығы мен тұрмысын сөзбен суреттеп жеткізген.
Цена контракта: 43 200,00 KZT Количество: 12 Штука

Лот 27

Предмет контракта: Книга «Сүлікқара» – тағдырлы ағылшын жазушысы Анна Сьюэллдің жалғыз кітабы, қаламгер осы еңбегі арқылы әлемге танылды. Басты кейіпкер – асылтұқымды ағылшын атының қилы хикаясы оқырманды ХІХ ғасырдың ортасына жетелейді. Оқиға желісі өте тартымды, қысқа әңгіме негізінде жазушы ағылшын жылқысының тағдырын шебер суреттейді. Автор жылқы жануарын жақсы көру арқылы әлемге қайырым шапағатын, мейірім шуағын төккісі келеді, адамзатты соған үндейді. Кітап өте әсерлі жазылған, суреткердің шеберлігі оқырманды тәнті етеді.
Цена контракта: 40 700,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 28

Предмет контракта: Книга Уақыт машинасы Герберт Джордж Уэллс
Цена контракта: 39 600,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 29

Предмет контракта: Книга «Галактикаға саяхат» романы 1984 жылы ағылшын тіліндегі бестселлерлердің көшін бастады, ал Адамстың өзі 1 млн кітабы сатылғаны үшін «Алтын қалам» марапатын алған жас қаламгер атанды. 1982 жылы телеқойылым өте сәтті шықты, ал 2005 жылы шыққан толықметражды фильм 7 түрлі марапатты жеңіп алды.
Цена контракта: 220 000,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 30

Предмет контракта: Книга Шәкәрім Құдайбердіұлы — жарты ғасырдан астам шығармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жанрында жемісті еңбек еткен қайраткер. Бұл жинаққа оның әртүрлі тақырыптарда жазылған өлеңдері топтастырылған. Ақын поэзиясының тақырыптық, идеялық маңызы оның бүгінгі күн үшін, қазіргі халық үшін қажеттілігін анықтайды. Оның өлеңдерінің түйіні оқырманды адамгершілікке, тазалыққа, жақсылыққа үндейді.
Цена контракта: 40 700,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 31

Предмет контракта: Книга Бауыржан Момышұлының балалық шағын баяндаған, өскен ортасын суреттеген өмірбаяндық шығармасы — «Ұшқан ұя» мемуарлық романы. Романда қазақ ауылының көрінісі, салт-дәстүрі, өмірлік ұстанымдары, дүниеге көзқарасы байыпты да терең бейнеленеді. Сонымен қатар он алтыншы жылдың дүрбелеңі мен күштеп ұжымдастыру кезіндегі тартыстар батыл айтылып, Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары кеңінен қамтылған. Жазушы нақты материал арқылы қарапайым еңбек адамдарының қарым-қатынастарында туған түрлі ұлт өкілдерінің достығын көрсетеді.
Цена контракта: 44 000,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 32

Предмет контракта: Книга Том Сойердің басынан кешкендері Марк Твен
Цена контракта: 41 800,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 33

Предмет контракта: Книга Гекльберри Финнің басынан кешкендері Марк Твен
Цена контракта: 42 900,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 34

Предмет контракта: Книга Алхимик Пауло Коэльо «Алхимик» – бразилиялық жазушы Пауло Коэльонің ең атақты романы, әлемдегі миллиондаған оқырманның сүйікті кітабы. Адам жастық шақта армандаудан қорықпайды, мүмкін емес нәрсе жоқ сияқты көрінеді. Бірақ өмір өтеді, әлдебір тылсым күш ойға алғанның бәрі орындала бермесін дәлелдей түседі. Романда жазушы «адам өз тағдырын өзі жасайды, әрі оның ұлы мұраты да сол» деген ой айтады. Кітап көпшілік оқырманға арналады.
Цена контракта: 38 500,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 35

Предмет контракта: Книга Шерлок Холмстың басынан кешендері Артур Конан Дойл «Шерлок Холмстың басынан кешкендері» атты әңгімелер жинағының авторы – атақты ағылшын жазушысы, публицист әрі журналист Артур Конан Дойл. Оның әйгілі ізкесуші Шерлок Холмс туралы хикаялары әлем әдебиетінің жауһарына айналған туынды. Кітап алғаш рет 1892 жылы басылып шыққан. Жауыздықпен күресетін ержүрек, ақылды әрі аңғарымпаз ізкесуші ерекше әдіс-тәсілдерді пайдаланып, күрделі де шытырман қылмыс түйінін шешіп қана қоймай, адам өміріне төнген қауіптің де алдын алады. Шығарманың тілі қарапайым, оқиғалары қысқа әрі қызықты. Оқырманды аңғарымпаз болуға, шексіз қиялдауға жетелейді, әділдіктің қай кезде де жеңіп шығатынына иландырады. Ұсынылып отырған кітап балаларға да, ересектерге де қызықты.
Цена контракта: 49 500,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 36

Предмет контракта: Книга Шұғаның белгісі Бейімбет Майлин Бұл кітапқа Бейімбет Майлиннің проза жанрындағы алғашқы туындысы —"Шұғаның белгісі" хикаяты мен ауыл адамдарының жаңа тұрмысқа көшуінің қиын процесін бейнелейтін әңгімелері енген. Оның қаламынан туған көптеген әңгімелер халық өмірінің сан қилы саласын барлайды, қоғамдық құрылыстағы жаңалық пен ескілік арасындағы бітімсіз тартыстың ішкі сырын терең ашып көрсетеді. Бейімбет Майлиннің шығармалары идеялық-көркемдік деңгейімен қазақ прозасының інжумаржанына айналған.
Цена контракта: 42 900,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 37

Предмет контракта: Книга Атамекен Төлеген Айбергенов Төлеген Айбергенов алғашқы өлеңдерін мектеп қабырғасынан бастап жаза бастады. Қазіргі таңда оның туындылары қазақ лирикасының қанаттануына ерекше ықпал еткен. Бұл жинақта ақынның табиғат лирикасын, махаббат лирикасын, сондай-ақ дидактикалық тақырыптарды қамтыған өлеңдері топтастырылған. Оның туған жеріне, атамекеніне деген шексіз сүйіспеншілігі мен махаббатын әр өлеңінен байқай аламыз.
Цена контракта: 37 400,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 38

Предмет контракта: Книга Қызғыш құс Махамбет Өтемісұлы Махамбеттің толғаулары түр жағынан алғанда ескі дәстүрді сақтады, дегенмен өзін мазмұны, жалынды пафосы, зор жігері секілді қасиеттерімен қазақ поэзиясына ерекше жаңалықтар әкелді. Қазақ философиясының ішінде өзіндік орны ерекше ақын, ойшыл, елі үшін еміреніп, халықтың қамын ойлап, елінің тұрмыс-тіршілігі, тынысы үшін ішкен асын жерге қойған, отты жырлардың авторы, азаттық үшін күрескен, қол бастаған баты. Ақынның философиялық ойларының мәні еліне деген құрметінде, отансүйгіштігі мен асқан патриотизмінде жатыр. Әрбір жаған өлеңінде халқытың қамы, хандар мен сұлтандардың озбырлығы, қарапайым халыққа жасаған қысымдары бейнеленеді.
Цена контракта: 40 700,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 39

Предмет контракта: Книга Аққудың айырылуы Сәкен Сейфуллин Сәкен — қатал күрес үстінде шынығып өскен ақын. Ол өзі белсене араласқан әдебиет қозғалысы қайшылығының ащы-тұщы дәмін де мол татқан. Ақын поэзиясының жаңашыл мәні революция тақырыбын, өз дәуірінің өзекті проблемаларын зор ынта, қуатпен, терең құштарлықпен, тебірене жырлауында. Қолыңыздағы жинаққа енген, автордың әр жылдары дүниеге келген труындыларында қарапайым еңбекшілер, мал баққан кедейлер бейнесі кеңінен ашылған.
Цена контракта: 41 800,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 40

Предмет контракта: Книга Жар жағалаған жалғыз Джером Сэлинджер Америка әдебиетіндегі Сэлинджер шығармашылығы – тұманды жарып шыққан күндей құбылыс. Ол сирек жазды, бірақ талғаммен жазды. Ағылшын тілінде жазылған ХХ ғасырдың ең үздік 100 романы тізіміне енген «Жар жағалаған жалғыз» романы қазіргі заманның классикасына айналып, әлем тілдеріне жарыса аударылып, 65 миллионнан астам данасы сатылған. Енді, міне жазушы-аудармашы Алдан Смайылдың қалам қуаты арқасында қазақ оқырманына жол тартып барады. Шығарманы оқып отырып 16 жасар Холденнің сезімтал көзімен қазіргі қоғамның шындығын көресіз.
Цена контракта: 40 700,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 41

Предмет контракта: Книга Еңлік-Кебек Мұхтар Әуезов
Цена контракта: 33 000,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 42

Предмет контракта: Книга Өлгендер қайтып келмейді Бердібек Соқпақбаев Қазақ балалар әдебиеті классиктерінің бірі Бердібек Соқпақбаев – өз кезеңінің шындығын көркем бейнелеген шығармалары арқылы оқырман қауымның айрықша ықыласына бөленген қаламгер. Оның «Өлгендер қайтып келмейді» романы – соғыс жылдарындағы қазақ халқының ауыр тұрмыс-тіршілігін, бастан кешкен азалы күндерін суреттейтін шығарма. Үш бөлімнен тұратын шығарманың басты кейіпкері – Еркін Мамырбаев есімді 15-16 жас шамасындағы бозбала. Оқиға, негізінен, Еркіннің өмір жолының ізімен өрбіп, болған жайттарға Еркіннің көзқарасымен баға беріледі. Автор бір ауыл адамдарының тіршілігі, оның ішінде бір үйдің, тіпті бір адамның тағдыры арқылы ауыр кезеңдегі өмір шындығын танытуды мақсат еткен.
Цена контракта: 46 200,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 43

Предмет контракта: Книга Бейбарыс сұлтан Рахымжан Отарбаев "Рахымжан Отарбаев – қазақ әдебиетіне елеулі еңбек сіңірген белгілі жазушы, драматург. Оның пьесалары еліміздің ғана емес, сондай-ақ алыс-жақын мемлекеттердің де театрларында сахналануда. Ұлы тұлғалардың өмірін зерттеген дара жазушы өз шығармаларында тарихымызды зедрделей отырып, заман шындығын айқын суреттеген. Бұл жинаққа Рахымжан Отарбаевтың пьесалары еніп отыр. Кітап көпшілік оқырманға арналған. "
Цена контракта: 38 500,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 44

Предмет контракта: Книга Ақ боз үй Смағұл Елубай Қазақтың көрнекті жазушысы Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романы цензураның қылышынан қан тамып тұрған уақытта жазылған 1931–1933 жылдардағы алапат ашаршылық туралы туынды. Автор осы аласапыран жайларды ерекше тебіреніспен сипаттап, хикая тілімен жеткізген. Кеңес кезіндегі ашаршылыққа ұшыраған халықтың хал-ахуалы, «асыра сілтеудің» елге әкелген зардабы, ел басқарып отырғандардың жағымсыз қылықтары, пасықтығы мен әділетсіздіктері оқырманды бей-жай қалдырмайды. Аштан бұралып қырылып жатқан бала-шаға, шал-кемпір, жазықсыз қиянат көрген ер азаматтың тартқан жан азабы көз алдыңызға келіп, құйқаңызды шымырлатады.
Цена контракта: 41 800,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 45

Предмет контракта: Книга Садақшы Пауло Коэльо «Лучник» — философская притча, обобщившая многолетний духовный опыт легендарного писателя. Подарочное издание с атмосферными иллюстрациями Евы Эллер по достоинству оценит каждый, кто ищет ответы на извечные вопросы. Путь стрелка — это путь радости и воодушевления, совершенствования и заблуждений, техники и наития. Но всему этому ты научишься, только если будешь неустанно посылать стрелы. Книга на казахском языке.
Цена контракта: 44 000,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 46

Предмет контракта: Книга Көрінбейтін адам Герберт Джордж Уэллс «Көрінбейтін адам» — ағылшын жазушысы, сыншыл реализмнің көрнекті өкілі Херберт Уэллстің ғылыми-фантастика жанрындағы аса танымал шығармасы. Ол 1897 жылы жарық көріп, содан бері әр елдегі, әр жастағы оқырмандар қолынан түспей келе жатқан кітапқа айналды. Романда Гриффин атты талантты ғалымның кенеттен өзі де күтпеген ғажайып ғылыми жаңалық ашып, атақдаңққа бөлену орнына сергелдеңге түскені, шытырман оқиғаларды бастан кешкені баяндалады.
Цена контракта: 39 600,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 47

Предмет контракта: Книга Абай жолы 4 том Мұхтар Әуезов Абай жайында жазылған көркем туындылардың ішінде «Абай жолы» роман эпопеясының орны да, жөні де бөлек. «Абай жолы» арқылы қазақ көркемсөзі, қазақ прозасы дүниежүзіндегі классикалық әдебиет биігіне көтерілді. Автордың тынымсыз еңбегінің, терең ізденісінің, шығармашылық қажыр-қайратының арқасында дүниеге келген төрт томдық роман-эпопея ұлтымыздың мерейін тасытып, мәртебесін көтерді, мәдениетін аспандатты, төрткүл дүниеге қазақ деген халықтың тәлейлі тарихын, тұрлаулы тағдырын, қадір-қасиетін паш етті. Ұлы тұлға Абайдың адам, азамат, ақын, қайраткер ретінде жүріп өткен соқтықпалы-соқпақты, алмағайып өмір жолына Мұхтар Әуезовтың қаламы қайта жан бітірді. «Абай жолы» – жүрегі қазақ деп соғатын әрбір оқырманның болашағына бағыт сілтейтін жарық жұлдыз.
Цена контракта: 181 500,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 48

Предмет контракта: Книга Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді Әлібек Асқар Көрнекті жазушы Әлібек Асқаровтың бұл романына түрлі қоғамдық қатынастардың алмасқан тұсындағы қазақ ауылының бастан кешкен қиындықтары мен қызықты оқиғалары, қарапайым ауыл тұрғындарының алуан тағдырлары арқау болған. Роман әдебиет зерттеуші ғалымдар тарапынан «бүгінгі қазақ әдебиетінің даму процесіндегі айрықша атап өтетін шоқтықты шығарма» деп танылды. Орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген. Кітап көпшілік оқырманға арналады.
Цена контракта: 52 800,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 49

Предмет контракта: Книга Өлең Фариза Оңғарсынова Қазақтың біртуар ақыны, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың жыр жинағына әр жылдарда жазылған өлеңдері топтастырылған. Қазақ поэзиясының падишасы – руханиятымыздағы шоқтығы биік тұлға. Оның ар-ожданды, адамгершілікті дәріптеп, әйел табиғатына, адам жанына терең үңілетін жырларынан ерекше рух алып, дүниені өзге қырынан тануды үйренеріңіз сөзсіз.
Цена контракта: 38 500,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 50

Предмет контракта: Книга Құтты білік Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» поэмасы – энциклопедиялық шығарма. Оны жазуда автор саяси әуенді басшылыққа алған. Қарахандар әулетіне дамыған Мауераннахр, Шығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтыған. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады.
Цена контракта: 88 000,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 51

Предмет контракта: Книга Жау тылындағы бала Қасым Қайсенов Оқырман қауымға кеңінен танымал партизан жазушы Қасым Қайсеновтың шығармашылығының басты өзегі — халықтар достығы. Ұлы Отан соғысында совет халықтары мызғымас достықтың нәтижесінде фашист жендеттерін жеңіп шығып, бас игізді деген ой Қайсенов шығармаларының әр жолынан байқалып тұрады. Автор бұл жинағында қарапайым совет адамдарының ерлік істерін нанымды да әсерлі баяндап, сол кезеңнің шындығы мен тұрмысын сөзбен суреттеп жеткізген.
Цена контракта: 38 500,00 KZT Количество: 11 Штука

Лот 52

Предмет контракта: Книга Қамал Франц Кафка «Қамал» романы – көп қырлы әрі көп мағыналы шығарма. Одан антиутопияны да, тоталитарлық қоғам бейнесін де, мемлекет пен жеке тұлға арасындағы қайшылықтарды да көруге болады. Кафка бұл туындысында қабат қоршаған ортамен сыйыса бермейтін жеке тұлға проблемасы туралы сыр шертеді, өзіне бөтен сезілетін әлем туралы да қозғайды.
Цена контракта: 48 400,00 KZT Количество: 11 Штука

Задать вопрос по тендеру: 
Документация
Результаты тендера
Протокол.pdf 239 КБ 19.09.23 11:10 Действующая
techspec_10659302_27493562.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493518.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493561.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493548.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493536.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493563.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493549.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493556.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493553.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493520.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493559.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493544.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493528.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493565.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493531.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493530.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493545.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493554.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493515.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493537.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493551.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493513.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493558.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493533.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493538.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493524.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493540.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493564.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493550.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493526.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493514.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493569.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493543.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493546.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493560.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493512.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493542.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493517.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493568.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493552.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493525.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493539.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493519.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493529.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493511.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493527.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493516.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493555.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493541.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493547.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493557.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
techspec_10659302_27493532.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая
contract_project_10659302.pdf 239 КБ 12.09.23 07:49 Действующая

Похожие тендеры

Название Тип тендера Цена Период показа
Конкурс
#280493893
2 580 000
1 день
24.09.2024
01.10.2024
Конкурс
#280746208
5 626 705
4 дня
27.09.2024
04.10.2024

Тендеры из отрасли Книги, журналы, брошюры

Название Тип тендера Цена Период показа
Не определен
#253117489
160 000
срок истек
-
31.12.2023
Не определен
#253117287
1 085
срок истек
-
31.12.2023
Малая закупка
#253117024
103 705
Обеспечение заявки:
5 185
срок истек
12.09.2023
13.09.2023
74 750
срок истек
-
31.12.2023
Конкурс
#253116633
9 706 852
срок истек
12.09.2023
19.09.2023

Тендеры из региона Северо-Казахстанская область

Название Тип тендера Цена Период показа
Запрос предложений
#253117462
500 000
срок истек
12.09.2023
19.09.2023
Запрос предложений
#253117403
25 950
срок истек
12.09.2023
17.09.2023
Запрос предложений
#253117390
500 000
срок истек
12.09.2023
19.09.2023
Запрос предложений
#253117365
533 482
срок истек
12.09.2023
20.09.2023
Запрос предложений
#253116618
60 000
срок истек
12.09.2023
19.09.2023